Размер шрифта:

«Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыбында әңгіме сағаты өтті.

Дата: 2022-04-15 16:12:43
«Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі»  тақырыбында  әңгіме сағаты  өтті.

Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу,қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру мақсатында «Кәусар бұлақ» аналар мектебінің төрайымы Шаймерден Асем Мараловнаның ұйымдастыруымен «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыбында әңгіме сағаты өтті. Іс-шараға «Кәусар бұлақ» аналар мектебінің мүшелері және 6-7 сыныптың қыз балалары қатысты.Жас ана Жайнагүл оқушыларға қазақтың бас киімдерінің үлгісін, олардың жасалау жолын, әсемдігі мен үйлесімділігі жайында әңгімелеп берді.Аналар мектебінің мүшелері қатысушыларға қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық сияқты ұлттық қасиеттері айтылып, видео,слайдтар көрсетілді.

Автор: №5 ОМ