«Балалар –біздің болашағымыз» тақырыбында биылғы балалар жылына арналған кітап көрмесін ұйымдастырып, кітап көрмесімен 6 сынып оқушылары таныстырылды.
Дата: 2022-04-15 16:03:48
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп кітапханашысы К.Махашова 15 сәуірде Дүниежүжілік кітап күні қарсаңында мектеп кітапханасында «Балалар –біздің болашағымыз» тақырыбында биылғы балалар жылына арналған кітап көрмесін ұйымдастырып, кітап көрмесімен 6 сынып оқушылары таныстырылды.
Мақсаты : жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруді қоғам болып қолға алу, балаларымызды отансүйгіштікке, ата-баба салт-дәстүрін құрметтейтін ұрпақ етіп тәрбиелеу, білімді ,алғыр болуға баулу.
«Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз, – деп атап өтті Президент.
«Кітап – ғылым, тілсіз мұғалім» екенін ұмытпаған абзал. «Балалар жылында» аталған кітапхана өз оқырмандарын асыға күтеді.
«Кітап – адамның ішкі мәдениетін, рухын, ұлтжандылықты қалыптастыратын негізгі құрал. Осы кітап мәселесі, оның ішінде балаларға арналған кітаптар тәуелсіздік алғаннан бері кенжелеп қалғаны жасырын емес.