Размер шрифта:

«Балаларды кері ықпалдан қорғау» тақырыбында өткізілген дәрістің ақпары

Дата: 2022-04-13 16:28:37
«Балаларды кері ықпалдан қорғау» тақырыбында өткізілген дәрістің ақпары
2022 жылдың  сәуірдің 11 күні  8-11 сыныптарға әлеуметтік педагог А.С.Касенова, «Балаларды кері ықпалдан қорғау»  тақырыбында дәріс өткізілді. Оқушыларға есірткі туралы бейне материалдар көрсетіп, оқушылармен талдады. Есірткінің түрлері және оның таралу жолдары туралы түсінік берді. Оқушылар есірткелер, спирттік ішімдіктер, темекі өнімдерінің қандай басқа да зиянды жақтары бар екені туралы өз ойларын жеткізді.  
Адам денсаулығына зиян тигізетін жат әдеттерден аулақ болғанымыз абзал. Арақтың орнына қымыз бен шұбат ішу, темекі тартудың орнына таза ауада көбірек жүрген дұрыс. Біздің пікірімізше, халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл  әрекеттерінің жемісі  екенін баршамыз ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салтын тұрақты қалыптастырсақ қана болашақтың жарқын болары шүбәсіз – деп, оқушыларға зиянды әдеттерден аулақ болуға кеңес берді.
Автор: №5 ОМ