Размер шрифта:

Мысты Балқаш, нұрлы Балқаш- киелім!

Дата: 2022-04-13 16:16:12

11 сәуір, 2022 ж. Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 9 «А» сыныбында, Балқаш қаласының 85 жылдық мерейтойына орай, «Мысты Балқаш, нұрлы Балқаш- киелім!» тақырыбында сынып жетекші Ж.М. Имангалиеваның ұйымдастыруымен сынып сағаты өтті. Мақсаты: Туған өлке, өңір тарихын зерделеу, қаламыздың өсіп өркендеуіне үлес қосқан танымал тұлғалар, киелі және табиғи көрікті жерлері, қаламыздың бүгінгі жетістіктері туралы білімдерін жетілдіру. Өскелең ұрпақтың туған өлкесіне, оның тарихына, мәдениетіне деген мақтаныш пен сүйіспеншілік сезімінен туатын шынайы елжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелеу. Сынып сағатында сәл артқа шегініс жасап, 1937 жылғы 11 сәуірде Қазақ ССР Орталық Атқару Комитетінің шешімімен Прибалхашстрой поселкесі Балқаш қаласы болып аталғаны туралы, қойнауы кенге толған өңірдің шежіресі 1928 жылдан басталатыны туралы айтылды. Ленинградтық инженер-геолог М.Русаков жетекшілік ететін экспедиция 1928 жылы көлдің солтүстік жағына келіп шатырын тіккендігі жайында түсіндірілді. Қаламыздың қазіргі өркендеуі, тарихи тұлғалар ескерткіштері, жаңартылған көше атаулары туралы сұрақтар қойылды. Оқушылар туған қаласы туралы біршама тың ақпараттармен бөлісті. Соңында, Кушниров П.Е., К. Саденовтің сөзіне жазылған, композитор, Ж.С. Тлеулинаның, Балқаш қаласының 80 жылдығына жазылған гимнін тыңдап, оқушылар гимннің қайырмасына қосылып орындады.

Автор: №5 ОМ