9 «А» сынып оқушылары Мұрат Сұлтан, Чекушкина Меланья 9-11 - сынып оқушылары арасында өткен "Қазақстанның дарынды балалары - 2022" атты республикалық байқаудың жеңімпаздары атанды.

Дата: 2022-04-13 15:58:26
 9 «А» сынып оқушылары  Мұрат Сұлтан, Чекушкина Меланья 9-11 - сынып оқушылары арасында өткен
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ " -нің 9 «А» сынып оқушылары Мұрат Сұлтан, Чекушкина Меланья 9-11 - сынып оқушылары арасында өткен "Қазақстанның дарынды балалары - 2022" атты республикалық байқаудың жеңімпаздары атанды. Жетекшісі: Ж.М. Имангалиева.
Мұрат Сұлтан Дарынұлы «Мектептің өзін –өзі басқаруы" бағыты бойынша"Қазақстанның дарынды балалары - 2022" атты 9-11 - сынып оқушылары арасында өткен республикалық байқаудың 1 дәрежелі дипломымен, Чекушкина Меланья Владимировна "Өнер" бағыты бойынша "Қазақстанның дарынды балалары - 2022" атты 9-11 - сынып оқушылары арасында өткен республикалық байқаудың 1 дәрежелі дипломымен марапатталды.
Оқушылар алғашқы іріктеудің бірінші кезеңінде, өздерінің жыл бойғы жетістіктері туралы он беттен тұратын презентация дайындады, конкурстың екінші кезеңінде шығармашылық, дарындылық, ғылымилық қабілеттерін ашу, танымдық қасиеттерін айқындау мақсатында өздерінің жеткен жетістіктерін қорғап, 5-7 минуттық видеролик түсірді.
Мектебіміздің дарынды оқушыларын мақтан тұтамыз, соңғы буынға үлгі ете отырып, қолдау көрсеткен ата-аналарына алғыс айтамыз.
Автор: №5 ОМ