Ғылымның алғашқы баспалдақтары

Дата: 2022-04-08 10:21:17
Ғылымның алғашқы баспалдақтары
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Ғылымның алғашқы баспалдақтары» тақырыбында бастауыш сынып оқушылары арасында жобалар қорғалды.
Гүлден Жеңісқызы жетекшілік еткен 2"А" сынып оқушылары Ақымбет Нұрасыл мен Кусаинова Аяла
"Пластик қалдықтарының екінші өмірі" тақырыбы аясында қорғаған жобаның нәтижесінде Нұрасыл мен Аяла 1 орын иеленді. Оқушылардың қорғаған жобасы қазіргі таңдағы басты экологиялық мәселе болғандықтан, осы жобаны өте жоғарғы дәрежеде қорғап шықты. Басқа оқушыларға қарағанда, Нұрасыл мен Аяла еш мүдірместен жобаны жатқа айтты. Оқушыларға сәттілік тілей отырып, табиғатымызға жанашыр болатындарына үлкен сенім артамыз.
 
 
 
 
 
 
 
 
Автор: №5 ОМ