9 «А» , «Ә» сынып оқушылары 29.03.22. көктемгі демалыс кезінде, "Қазақмыс" корпорациясының политехникалық колледжіне кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша, тәжірибе-практика жасалатын шеберханаларды аралап, ұстаздармен, жоғары курс студенттерімен кез

Дата: 2022-04-01 10:57:41
9 «А» , «Ә» сынып оқушылары  29.03.22.  көктемгі  демалыс кезінде,
Қарағанды облысы  білім басқармасының  Балқаш қаласы  білім   бөлімінің  «№5 жалпы білім беретін мектебі»  КММ-нің  9 «А» , «Ә» сынып оқушылары  29.03.22.  көктемгі  демалыс кезінде, "Қазақмыс" корпорациясының политехникалық колледжіне  кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша,  тәжірибе-практика  жасалатын  шеберханаларды аралап, ұстаздармен, жоғары курс студенттерімен кездесті. Колледж студенттері зертханалық және тәжірибелік сабақтар өтетін заманауи техникалық құралдармен, жабдықтармен және қондырғылармен жабдықталған кабинеттерде «Түсті металдар металлургиясы», «Техник металлург», «Электромеханик», «Дәнекерлеу ісі»  мамандықтары бойынша тәжірибелер көрсетіп, әр мамандықтың  қиындықтары мен қырларын үйрете білді. 
    Коллежд ұстаздары Балаганова  Камшат Нұрмуханқызына, директордың тәжірибе- ісі бойынша орынбасары  Перизат Қажымұратқызы мен  коллежд студенттеріне алғысымызды айтамыз.
 
Автор: №5 ОМ