Размер шрифта:

"Бала өмірінің қауіпсіздігі маңызды" тақырыбында директор сағаты өткізілді.

Дата: 2022-03-14 08:43:57
11.03.22 күні мектебімізде 1-5сынып ата–аналарына ZOOM платформасы арқылы "Бала өмірінің қауіпсіздігі маңызды" тақырыбында директор сағаты өткізілді. Директор сағатында сынып жетекшілер, директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог және мектеп психологы қатысты. Сонымен қатар Мектеп психологы Ибраева Айгерим Саттыгуловна «Жасөспірімдердің интернет желісіндегі қауіпсіздігі» тақырыбында баяндама оқып, Кибербуллинг тақырыбына тоқталды. Кибербуллинг – адамды интернетте, әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқытып, зорлық көрсету екендігі айтылды. Кибербуллингтің алдын алуға шаралары мен кибербуллинг құрбандарының белгілері туралы айтып өтті. Соңында ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берілді. Барлық қатысқан ата – аналар саны – 105.
#ҚОББтәрбие @goroo_balkhash
Автор: №5 ОМ