«Әкімшілік кодекстің кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығы туралы тұстарымен таныстыру, еске салу» тақырыбында дәріс ұйымдастырылып, өткізілді.

Дата: 2022-03-09 12:39:56
 «Әкімшілік кодекстің кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығы туралы тұстарымен таныстыру, еске салу» тақырыбында дәріс ұйымдастырылып, өткізілді.
  Жасөспірімдер арасында құқықтық білім беру және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында, 4 – 5  наурыз күндері  5 - 8 сынып оқушылар арасында, қалалық  ПБ ЮПТ ЮПИ капитаны Анар Кожанованың қатысуымен  «Әкімшілік кодекстің кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығы туралы тұстарымен таныстыру, еске салу» тақырыбында дәріс ұйымдастырылып, өткізілді.
      Мақсаты: Оқушылар арасындағы құқық бұзушылығын алдын алу және құқықтық тәрбиесін арттыру.
     Жасөспірімдерге  ұрлық, қорқытып алу, қарақшылық, бұзақылық сияқты қылмыс түрлері туралы, сонымен қатар,  қылмыстық жауапкершілік пен заңсыз әрекеттерді жасау үшін қандай санкциялар қолданылатынын айтып, оқушыларға қоғам мен өмірдегі мінез-құлық ережелерін, заңдарды қатаң сақтауға, мектептің және қоғамдық орындардың мүлкін мұқият ұстауға кеңестер берілді. Қоғамдық орындардағы мүлікті сындырған немесе бүлдірген жағдайда (вандализм) ата – анасына әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынатыны айтылып, егерде қайталанған жағдайда қылмыстық іс қозғалатының түсіндіріп өтті.
Автор: №5 ОМ