Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделу деңгейін арттыруға бағытталған түзету-дамыту жұмысы.
Сынып: 1 «Ә»
Күні: 21.09.2021 жыл
Мақсаты:сыныпта ауызбіршілік орнату, танымдық үдерістерді дамыту.
Міндеттері:есте сақтауды, зейінді, ойлауды дамыту; балаларда жағымды эмоция қалыптастыру; коммуникативті дағдыларды қалыптастыру.
1-жаттығу. «Танысу»
Мақсаты: балаларға бір-бірімен және ересектермен өзара қарым-қатынас жасауға көмектесу; жағымды ахуал қалыптастыру.
Балалар психологпен бірге шеңбер бойымен орындықтарға отырады. Психолог өзінің таныстырады ( балалардан психолог туралы ойын сұрауға болды). Балаларға өз тегін және есімін атау ұсынылады. Екінші бала өз есімін және бірінші бала есімін қайталайды т..с.с.
2- жаттығу. «Бетперделер»
Әрбір сабақты көңіл-күйді сұраудан бастаймыз. Ол үшін мен үш бетпердеден дайындадым. Онда үш келбет бейнеленген: көңілді, мұңды және ашулы. Оларға мұқият қарап сабаққа келген көңіл-күйіңізді таңданыз және «не үшін» екенін түсіндіріңіз.
3-жаттығу. «Ұлу»
Мақсаты: эмоциялық қысымды, агрессияны азайту. Балалардың шапшаңдығын төмендету.
Балаларға келесі сұрақтар қойылады: « Қалай ойлайсыңдар, үлу неліктен құрбақадан қорқады? Қауіп төнгенде ұлу не істейді?» Содан кейін балалар «паровоздың» артынан бір-бірлерінің белдерінен ұстайды. Неді бңз сіздермен үлкен бір ұлумыз. «Құрбақа» деп белгі берілгенде ұлу спираль түріне оралады және қатып қалады, қозғалмайды және қимылдамайды. «Құрбақа секіріп кетті» деген белгі бойынша балалар қолдарын босатып жан- жаққа тарайды.
4- жаттығу. «Мейірімді есім»
Мақсаты: Эмпатияны дамыту, жағымды эмоциялық фон жасау.
Әр балаға оң жағындағы көршісін мейірімді түрде атау ұсынылады, нәтижесінде тыңдаушы алғыс айтады. Бірінші шеңберден кейін жаттығу кері жаққа орындалады (енді сол жағындағы көршісін мейіріммен атайды)
5-жаттығу. Зейінді дамыту және тәрбиелеу жаттығулары
Зейіннің бөлінгіштігін және аудару жылдамдықтарын дамыту.
Балаға әртүрлі сөздерді атаңыз. Заттарды атағанда бала қолын жоғары көтеруді, жануарларды атағанда қолын шапалақтайды, өсімдіктерді атағанда орнынан тұруды ұсынамыз.
Бірінші: үстел, кереует, кесе, қарындаш, дәптер, кітап, орындық, айна, теледидар, ойыншық... және т.б.
Екінші: піл, қасқыр, арыстан, қоян, аю, түлкі, мысық, ит, жылқы ... және т.б.
Үшінші: гүл, ағаш, шөп, жапырақ, терек, қызғалдақ, шырша, ақ қайың, алма ағашы, өрік ағашы.