Ағартушылық-профилактикалық бағыт бойынша мұғалімдермен жүргізілетін семинар
Күні: 20.11.2021 жыл
Педагог-психолог:Ибраева А.С.
Қатысушылар:жас мамандар
Тақырыбы:«Мектептегі зорлық-зомбылықты алдын алу»
Мақсаты:Сыныпта және мектепте зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмысты жоспарлау мәселесінде педагогтің кәсіпби құзыреттілігін арттыру.
Міндеті:
- педагогтерді буллингтің себептері мен әрекеттегі тұлғаларымен таныстыру;
-педагогтерді араласуға, қорлайтын лақап аттарға, келемеждеуге қарсы тұрудың кейбір тиімді тәсілдерімен таныстыру;
- педагогтерді сыныпта және мектепте зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша іс-шараларды жоспарлауға үйрету.
Көрнекілігі:
Слайд:
1.Ұлағатты сөздер жазылады.
2.Мектептегі зорлық-зомбылықтың түрлері, шығу себептері жөнінде айтылады.
3.Баланың дау – дамайлы отбасынан басталатын тәрбиесі болашақта неге әкелетіні туралы схема ұсынылады.
4.Дау – дамайлы отбасында бала тәрбиесіне қатысты қандай тиімді тәсілдерді қолдануға болатыны туралы кеңестер ұсынылады.
5.Баланың өзінің болашақ өмірін қалай көргісі келетіні туралы суреттер.