Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман тек сенен Есте қалған...

Дата: 2022-02-25 08:44:48
Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман тек сенен Есте қалған...

ЖББ №5 мектебінде 15.02.2022 күні өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету,Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында Ауған соғысының аяқталуының 33 жыл толуына орай «Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман тек сенен Есте қалған...» атты ауған ардагерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылып өткізілді. Кездесуге Ауған соғысының ардагері Толеубеков Қадырхан Темірбекұлы шақырылды. Қадырхан Темірбекұлы Ауған жерінде болған сұм соғыстың қиын-қыстау кезеңдерін, ерлік пен даңқты батыр-қаhармандары туралы естеліктермен бөлісті.Мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерінен құрылған үгіт насихат тобының тақпақтары оқылып әндері шырқалды.Кеш соңы Толеубекова М.С. және Боранова А.Х «Атамекен» әнімен қорытындыланып, оқушылар шақырылған ардагермен естелік суретке түсті.

Автор: №5 ОМ