Размер шрифта:

Балалар әдебиеті - ең ұлы әдебиет

Дата: 2022-02-18 14:01:27
Балалар әдебиеті - ең ұлы әдебиет
«Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз» .
Қасым-Жомарт Тоқаев
Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп кітапханашысы К.Махашова 18 ақпанда «Балалар әдебиеті - ең ұлы әдебиет» тақырыбында биылғы балалар жылына арналған кітап көрмесін ұйымдастырды.
Мақсаты : жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруді қоғам болып қолға алу, балаларымызды отансүйгіштікке, ата-баба салт-дәстүрін құрметтейтін ұрпақ етіп тәрбиелеу, білімді ,алғыр болуға баулу
– ҚР Мәдениет және спорт министрлігі 2021 жылды «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» деп жарияланған болатын. Ал биыл ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айта келе, жаңа кірген Барыс жылын "2022 - Балалар жылы" деп жариялады.
Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі.
Президент бұл жылды тек ұрандап немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, балаларды қорғау мақсатында ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасалуы керектігін қадап айтты. Биылғы оқу жылы мектебіміздің кітапханасы балаларға арналған көптеген көркем әдебиеттер, ертегілер, әңгімелермен толықты.
Кітап оқитын білімді,алғыр ,парасатты балаларымыз көп болсын! «Балалар әдебиеті-ең ұлы әдебиет» деп тегін айтылмаса керек, сондықтан баршаларыңызды балалармен бірге кітап оқуға шақырамыз!
Автор: №5 ОМ