Размер шрифта:

Ғылымға алғашқы қадам

Дата: 2022-02-17 12:02:37
Ғылымға алғашқы қадам

 2022 жылдың 28 қаңтар күні қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Ғылымға алғашқы қадам" бастауыш сынып оқушылары арасында әр түрлі бағытта жобалар қорғалды. Мектебіміздің 2"А" сынып оқушылары Ақымбет Нұрасыл мен Кусаинова Аяла Зум плотформасында  "Пластик қалдықтарының екінші өмірі" тақырыбында жоба қорғады.Бастауыш сынып оқушылары жас  ерекшеліктеріне сай, өздерінің таңдаған тақырыбында, өзекті мәселелерді айтты. Жоба қорытындысының нәтижесінде, Нұрасыл және Аяла 1 орынға ие болды.  Оқушылардың жобаға тыңғылықты дайындалғаны, оны  жаттап,  елге жеткізе білгені көрермен көңілінен шықты.

Автор: №5 ОМ