Бүгінгі жас маман - ертеңгі тәжірибелі ұстаз

Дата: 2022-02-17 12:00:31
Бүгінгі жас маман - ертеңгі тәжірибелі ұстаз
Жас маманға өзін-өзі тәрбиелеуге, бейімділіктерін дамытуға үйрету, рухани адамгершілікке тәрбиелеу, жаңа технологияны үйренуге, меңгеруге баулу, жас мамандардың мотивациясын арттыруда тәлімгердің атқаратын ролі өте маңызды.
Биылғы жылы мектебімізге 1 жылдан 3 жылға дейін еңбек өтілі бар 14 жас мамандар еңбек етуде. Еңбек жолын жаңа бастаған үш мұғалімге тәлімгер мұғалімдер тағайындалды Адамбаева Б.Т – педагог-зерттеуші, Тусупова Г.Ж. педагог-сарапшы және Бекбенбетова Г.К-педагог – зерттеуші.
Жас мамандарға тәлімгерлермен бірге Қарағанды қаласы педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері мен қалалық білім бөлімінің әдіскерлері де методикалық көмек көрсетіп отырады. Биылғы оқу жылында Қарағанды қаласы ПШО тренерінің қатысуымен жас маман биология пәнінің мұғалімі Бекмағанбет Айым Өмірғалықызы 8 сыныптарға ашық сабақ өткізді, Каргул Н.Е мен Есенкулова А.М «Зерек» жобасы аясында сабақтар өткізіп, өз шеберліктерін көрсетті. Сабақты талдай отырып, сабақ барысындағы артықшылықтар мен кемшіліктерін талдап, тәжірибелі ұстаздар мен тәлімгерлері тарапынан біршама ұсыныстар алды.
Автор: №5 ОМ