«Мамандықты дұрыс таңдау» тақырыбында кездесу өткізілді.
Дата: 2022-02-15 18:10:21
11.02.2022 күні сағат 12.00-де Балқаш қаласы көпсалалы колледжінің оқытушылары Кульчуков Замир Раймбаевич, Закарин Ерболат Елубаевичпен мектептің 9-11 сынып оқушылары арасында «Мамандықты дұрыс таңдау» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу барысында мамандар Балқаш қаласы көпсалалы колледжіндегі мамандықтар бойынша , оқу орнына тапсырылатын құжаттар және оқу орнының жалпы жағдайы туралы түсіндіре отырып колледж тарихы туралы бейне баян көрсетті.