Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы ҚР.ТЖМ Азаматтық қорғау академиясының мамандарымен кездесу

Дата: 2022-02-15 18:07:46
Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы ҚР.ТЖМ Азаматтық  қорғау академиясының мамандарымен  кездесу

09.02.2022 күні  сағат  10.00-де Балқаш қаласының төтенше жағдайлар басқармасы Азаматтық қорғаныс тобының аға  офицері аға  лейтенант Джамбаев Амангелды Серикович және ҚР.ТЖМ  Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық  қорғау академиясының  4 курс  курсанты Унтыбеков Ғалыммен  мектептің  8-11 сыныптың  ер  балалары  арасында  «Мамандықты дұрыс таңдау-болашақтағы  жетістіктің кепілі!» тақырыбында    кездесу  өткізілді.Кездесу  барысында  оқуға  түсу  шарттарымен  таныстырып  өтті. Азаматтық  қорғау академиясына  оқуға  түсу  үшін  нормативтерге  сәйкес дене шынықтыру даярлығы  күшті  болу  керектігі  айтылды және оқу  орнындағы  курсанттарға  жасалатын  жағдайлар жатахана т.б таныстырып  өтті.

Автор: №5 ОМ