Размер шрифта:

Мұқағали мәңгілік ғұмыр

Дата: 2022-02-10 15:14:53
Мұқағали мәңгілік ғұмыр
- Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.
Мұқағали
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп кітапханасында К.Махашованың ұйымдастырумен 9 ақпанда «Оқуға құштар мектеп» акциясы аясында «Мұқағали мәңгілік ғұмыр» атты 5 -8 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
Мақсаты : Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысу. Ақын поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршендігінің сыры неде екенін таныту, өлеңдерін мәнерлеп оқып оқырман назарына ұсыну.
9 ақпан – қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Мұқағали - ақын, аудармашы, драматург, прозашы. Оның жауһар жырлары - мәңгілік. Олай болса, ақынның өлеңдерін жаттап, сусындап өсіп келе жатқан өлеңге құмар мектебіміздің 5 Ә сынып оқушылары Қанат Алуа мен Артықбаев Санжар, 6 Ә сынып оқушылары Әділетқызы Айым мен Хайдар Жәнел, 6 Б сынып оқушысы Асқар Қымбат, 8 А сынып оқушысы Жұмағұлова Ділназ мәнерлеп оқу сайысына белсене қатысты. Белсене қатысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Автор: №5 ОМ