Мектеп кітапханашысы К.Махашова 3 «Б» сыныбының оқушылары арасында 21 қаңтарда «Жол жүру тәртібін сақтайық» тақырыбында әңгіме сағатын өткізді.

Дата: 2022-01-22 10:06:30
Мектеп кітапханашысы К.Махашова 3 «Б» сыныбының  оқушылары арасында  21 қаңтарда  «Жол жүру тәртібін сақтайық» тақырыбында  әңгіме сағатын өткізді.
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп кітапханашысы К.Махашова 3 «Б» сыныбының оқушылары арасында 21 қаңтарда «Жол жүру тәртібін сақтайық» тақырыбында әңгіме сағатын өткізді. Оқушылар жол қауіпсіздігіне арналып жасалған буклетпен , кітаптармен таныстырылды. Сонымен қатар жол қауіпсіздігіне байланысты сұрақтар қойылып, жол ережелеріне байланысты жұмбақтар жасырылынды.
Мақсаты:
1. Оқушыларды жол белгілерімен, жолда жүру ережелерімен таныстыру.
2. Жол қауіпсіздігі сақталмаған жағдайда кездесетін жарақаттар немесе түрлі жағдайлар туралы әңгімелеу.
3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережелерін, қауіпсіздігін білуге, есте сақтауға тәрбиелеу.
Автор: №5 ОМ