Білімді ұрпақ-ұлт болашағы
Қазақстан Республикасының жаңа «Білім туралы Заңына» мемлекеттік саясат негізінде «әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын, шығармашылығын дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізілген. Шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру-мектептің де, мұғалімнің де басты міндеті» делінген.
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттермен озады» деген екен Абай атамыз.Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы, білімдар адамдар осы заманның дамуына үлес қосады. Олай болса, алға қойған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі ақылды, ойлы, дарынды жастарымызды шығармашылық потенциалын жан-жақты өсіру қажеттілігі туындайды.
Биылғы оқу жылында №5 ЖББМ КММ дарынды балалардың қабілетін шығармашылық деңгейін анықтай отырып, оқу жылының жарты жылдығын да біршама жетістіктермен аяқтадық.
- Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар байқауына 8-10 сыныптар арасынан 5 оқушы жоба ұсынды.
- «Туған елің-Ұазақстанды жақсы білесің бе?» Республикалық балалар оқулары байқауына мектебімізден 6 оқушы қатысып, өз білімдерін сынға салды.
- «Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың облыстық интеллектуалдық конкурсына 9,10 сыныбынан 2 оқушы қатысып, бір оқушы 62 балл, екінші оқушы 35 балл жинады.
- 2-7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» республикалық конкурсынам мектебімізден 4 оқушы қатысып, 1 оқушы облыстық кезеңге ұсынылды.
- 5-8 сынып оқушылары арасында облыстық "ProEco" экологиялық жобалар байқауына мектебіміздің 8 сынып оқушысы Багидолла Акниет Азаматкызы "Үздік экологиялық бастама" номинациясы бойынша «Қоршаған әлемді қорғау» жобасын ұсынып қорғады.
- 2021-2022 оқу жылының 23 қараша күні «Абай атындағы №2 мектеп - лицейі» Президент күніне орай «Мектеп Парламентінің» дебат қозғалыс фракциясының ұйымдастыруымен қалалық пікірсайыс турнирі болды. Турнирге 6 қала мектептері мен 2 қала колледж қатысты. Ойын АПФ және ЛД форматында өтті. Мектебімізден 9 «А» сыныбынан 2 спикер қатысты ойын нәтижесінде жақсы ойын көрсетіп ЛД форматына өткен Мұрат Сұлтан ЖББ № 8 мектептің спикерімен сайысқа түсіп. «Үздік» спикер атағына ие болды.
- «Оқуға құштар мектеп» облыстық жобасы негізінде «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына-30 кітап» рухани-мәдени акциясы аясында қала мектептерінің 9-10 сынып оқушылары және отбасы мүшелері арасында өткен оқырмандар конференциясына мектебіміздің 9 «А» сынып оқушысы Жұмағали Мерұлан отбасымен қатысты. Мерұлан конференцияға отбасы мүшелерімен бірігіп жасаған бейнероликтерін ұсынды. Конференцияның қорытындысы бойынша, Жұмағалиевтар отбасы I дәрежелі дипломмен марапатталды.
- ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және аса көрнекті мемлекет қайраткері, Алашорда ұлттық автономиясы алық кеңесінің төрағасы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның 155 жылдық мерей тойына арналған -Тәуелсіздік жолында» атты дәстүрлі ІІ қалалық ғылыми – практикалық конференциясына 8 сынып оқушысы Сейілғазы Нұрхан ««Әлихан Бөкейханов мемлекет қайраткері» тақырыбында баяндама жасап, Алғыс хатпен марапатталды.
- «Сарыарқа дарыны» БҚББ АҒПО ұйымдастыруымен «Ақпараттық технологиялар» мамандандырылған мектеп-лицей интернаты ағымдағы жылдың 23 қараша мен 27 желтоқсан аралығында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Ар намыс, қасіретім, мақтанышым-Тәуелсіз Қазақстан» атты облыстық байқауына мектебіміздің 12 оқушысы әр түрлі тақырыптар бойынша жобалар жазып өздерінің патриоттық сезімдерін айқын байқатқаны көңіл қуантар жағдай.
Өмірдегі шынайы ғажап, адамзатқа маңыздылар дарындылар қолында, ал сол дарындылардың тағдыры біздің, яғни, ұстаздар қауымының қолында.
№5 ЖББМ КММ
Директордың оқу – әдістемелік жұмысы
жөніндегі орынбасары
Ныгметуллина Ш.К