Размер шрифта:

Қонаев –ұлы тұлға

Дата: 2022-01-13 10:02:40
Қонаев –ұлы тұлға
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында қазақ елінің біртуар азаматына арналған «Қонаев –ұлы тұлға» тақырыбында 11 қаңтарда кітапхана меңгерушісі К.Махашова кітап көрмесі ұйымдастырылып, өмірі мен шығармашылығына арналған буклет жасалды.
Мақсаты: Оқушыларға қазақ елінің біртуар азаматы, Ұлы тұлға Д. А. Қонаев туралы жан - жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның мемлекетке және халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету, оқушылар бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу.
Димаш аға өмірінде өте ұстамды, салмақты, ақылы мен парасаты ерекше, көпшілікті іске жұмылдыра білетін, қабілеті мол кемеңгер басшы болды. Оны халқы ерекше құрметтеп, қошеметтеп, «Біздің Димаш» дейтін.
Д. А. Қонаев жүзден аса ғылыми еңбектердің авторы. 1968 жылдан ғылым докторы. Д. А. Қонаев 25 жылдан астам Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің І-ші хатшысы, 7 жыл Республика Министрлер Кеңесінің төрағасы, орынбасары, 3 жыл ғылым Академиясының президенті қызметтерін атқарды. 15 жыл СОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі болды. 1972, 1979, 1982 жылдары Д. А. Қонаевқа « Социалистік Еңбек Ері» атағы берілді. Партия мен Үкімет делегацияларын басқарып 17 шетелге сапар шекті.
Халқымыздың біртуар азаматы Д. А. Қонаевтың есімі жылдар өтсе де, әр қазақтың жүрегінде мәңгі сақталады.
Автор: №5 ОМ