9 «А» сынып оқушыларымен, 06.01.2022. ж қысқы демалыс кезінде, Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы- техникалық колледжіне кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша, теміржол көлігі бөлімінің ұстаздарымен кездесу ұйымдастырылды.
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 9 «А» сынып оқушыларымен, 06.01.2022. ж қысқы демалыс кезінде, Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы- техникалық колледжіне кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша, теміржол көлігі бөлімінің ұстаздарымен кездесу ұйымдастырылды. Колледж ұстаздары мен студенттері қазіргі талаптарға сай, заманауи үлгідегі жабдықталған кабинеттермен таныстыра отырып, теміржол саласы мамандығының қыр- сырымен таныстырды. Кездесу барысында оқушылар 3 Д форматындағы заманауи көрнекіліктерді ұстап көріп, теміржол көлігіндегі сигнализация, жылжымалы жол туралы көптеген ақпараттар алды, 4- курс студенттерінің көмегімен құрылғыны басқаруға мүмкіндік алып, танысып көрді. Оқушыларға кездесу қызықты болды, көптеген ақпараттар алды. Келешекте басқа оқушыларды апару жоспарлануда.