Түнгі рейд жұмысының ақпары
Дата: 2022-01-10 09:32:15
Мектебімізде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2021 жылдың 24 желтоқсан күні кешкі сағат 21.00-24.00 аралығында «Түңгі қаладағы балалар» атты түңгі рейд жұмысы ұйымдастырылды. Түнгі рейдтік іс –шарада қала көшелері, мөлтек аудандар, Желтоқсан, Сейфуллин, Молдагулова, Мира көшелері, қала орталығы бойынша ойын сауық, кафе, дүкендерге және бос жүрген жасөспірімдерге бақылау жүргізілді. Кәмелетке толмағандарға түнде қала кезіп,ойын –сауық орталықтарына кіруге болмайтыны жайлы және студент жастарға әкімшілік құқық бұзушылық туралы ақыл –кеңестер айтылды.
Рейд кезінде кәмелетке толмаған мектеп оқушылары анықталаған жоқ және тәртіп бұзушылық болған жоқ.