Размер шрифта:

Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз

Дата: 2021-12-20 15:31:46
Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз
Мектеп кітапханашысы К.Махашова «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырып, оқушыларға таныстырды.
Мақсаты: Өскелең ұрпақты ұлт- жандылыққа тәрбиелеу. өз еліміздің тілін, тарихын, салт-дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу оқушыларға патриоттық тәрбие беру болып табылады.
Алаштың азаттығына, туған мемлекетіміздің Тәуелсіздігіне - 30 жыл Тәуелсіздік күні - ерекше саяси және тарихи маңызы бар мереке. 1991 жылдың 16 желтоқсанында біздің тарихымыздың бұрылыс сәті болып табылды – Қазақстан өзін тәуелсіз мемлекет деп жариялады. Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық. Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, егемен еліміздің ұрпағының еңсесі биік болсын! Еліміздің туы көкте қалықтап, ынтымағы жарасқан ел болайық!
Автор: №5 ОМ