"Вейп- денсаулыққа өте қауіпті!» атты апталық аясында іс шаралар ұйымдастырылды.

Дата: 2021-12-07 15:30:02

       Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ –нің  «Әйелдерге қатысты зорлық –зомбылықсыз 16 күн» акциясы, сонымен қатар«Вейп- денсаулыққа өте қауіпті!» атты апталық аясында іс шаралар ұйымдастырылды.

     2021 жылдың 2 – 8 желтоқсан     күндері  8-11 сыныптарға әлеуметтік педагог А.С.Касенова, «Ұрпақ саулығы – ұлт саулығы!» тақырыбында дәріс өткізілді. Оқушыларға вейп, темекі туралы бейне материалдар көрсетіп, оқушылармен талдады. "Вэйпинг" ұғымы ағылшын тілінен шыққан. "vape", аударғанда "буды жұту және шығару" деген мағынаны білдіреді.

Вэйп немесе электронды темекі-денсаулыққа зиян келтіретін темекі шегу процесін модельдеуге арналған құрылғы. Вейптінтүрлері және оның таралу жолдары туралы түсінік берді. Оқушылар есірткелер, спирттік ішімдіктер, темекі өнімдерінің қандай басқа да зиянды жақтары бар екені туралы өз ойларын жеткізді. 

Мектеп психологы оқушыларға зиянды әдеттерден аулақ болуға кеңес беріп, әр оқушыдан вейпке деген  көз қарастарын, ойларын сұрау арқылы талқыға салды.

Сынып жетекшілер «Зорлық – зомбылықтың алдын алу», «Вейптің зияны» атты сынып сағаттарын өткізді.

Автор: №5 ОМ