Кітапханаға саяхат
Дата: 2021-12-03 16:27:44
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасына 3 желтоқсанда 2 Ә сынып оқушыларымен сынып жетекшісі А.Есенкулова кітапханаға саяхаттап келді. Кітапхана меңгерушісі К.Махашова оқушыларға кітапхананың ережелерімен таныстыра отырып , биылғы оқу жылында келген бастауыш сыныптарға арналған көркем безендірілген ертегілерге шолу жасады. Мақсаты: Оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың жасалу жолы туралы түсінік беру. Тіл байлығын, ой-өрісін дамыту. Оқулықты құрметтей білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру; Кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу.
Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын жанып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой - өрісін,
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.
Түлекті тәрбиелер кітап - мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.
Молайтып ақылыңды сан еселеп,
Береді білім нәрін кітап көптеп. Ислам Шұғаев
Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтқанда, «Кітап – әр адамның өмірлік досы». Сондықтан, балалар кітаптарды оқып кітаптармен дос болайық! Оқушылар ертегілерді қызыға тыңдады .