Ерте жүктіліктің алдын алу
Дата: 2021-12-02 15:20:33
2021 жылдың 19 қараша күні өткізілеген «Ерте жүктіліктің алдын алу» атты қыздар жиналысының ақпары
Салауатты өмір салтын қалыптастыру және мектеп жасындағы қыз балалалардың арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу бойынша 7 -11 сынып оқушылар арасында «Ерте жүктіліктің алдын алу» және репродуктивті денсаулығы туралы тақырыбында дәріс өткізілді. Өскелең жастар мораль және жыныс тәрбиесі бойынша сұрақтар қойды. Контрацепцияның әр түрлі қолжетімді әдістері, жұқпалардың алдын алу және салауатты өмір салтын сақтау туралы ақпараттар жеткізілді. Дәрісте ерте жүктіліктің салдары, физиологиялық тұрғыдан жас ағзаның оған әлі дайын еместігі, әлеуметтік тұрғыдан бей – берекет жыныстық қатынасқа түсетін қыз балаларды күтіп тұрған қиындықтар жайлы сұрақтар талқыланды. Қаламаған жүктіліктің алдын алу бойынша бейнероликтер көрсетілді.