Размер шрифта:

Балалардың қауіпсіздігі тақырыбында қалалық семинар өткізілді

Дата: 2021-11-02 14:57:40
Балалардың қауіпсіздігі тақырыбында қалалық семинар өткізілді

02.11.2021 жылы Қарағанды облысы білім  басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№4 жалпы білім беретін мектебі»  КММ , «№5 жалпы білім беретін мектебі КММ – нің «Ангел» балалар қауіпсіздігі орталығының коучинг курсын аяқтаған  әлеуметтік педагогтары И.О.Калашникова, А.С.Касенова  әлеуметтік педагогтар, сынып жетекшілер, психологтарына   «Бала қауіпсіздігі» тақырыбында қалалық семинар өткізді.

Семинардың мақсаты:  әртүрлі жұмыс формалары мен әдістерін қолдана отырып, оқушылардың өмір қауіпсіздігін ұйымдастыруда мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру болды.

Семинардың міндеті:

Мұғалімдерді балалардың өмірінің қауіпсіздігін ұйымдастыруда қолданылатын әдістермен таныстыру;

«Балалардың қауіпсіздігі» мәселесі бойынша мұғалімдердің білімдерін кеңейту.

Семинар барысында «Балалардың қауіпсіздігі» тақырыбында,  құқық бұзушының стереотипі, баланың жеке шекарасы, қауіпті жерлер, қылмыскердің қауіпті белгілері, қорқыту, кибербуллинг  бойынша балалармен жұмыс істеу ережелері мен әдістері талқыланды.

Семинарға қатысқандардың жалпы қамтылуы 41 адамды құрады.

Автор: №5 ОМ