Размер шрифта:

«Туған елің – Қазақстанды жақсы білесің бе?» республикалық балалар оқулары байқауы

Дата: 2021-10-26 17:22:51
«Туған елің – Қазақстанды жақсы білесің бе?» республикалық балалар оқулары байқауы

26.10.2021 о.ж. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы   09 ақпандағы №50 және 2021 жылғы 31 мамыр №354 қаулысымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғырту кезеңіне көшіру бойынша Жол картасын іске асыру аясында өткізілген «Туған елің – Қазақстанды жақсы білесің бе?»республикалық балалар оқулары байқауына мектебіміздің 6 сынып оқушылары  Әділетқызы Айым,  Хайдар Жанел Ерланқызы, Айтмағанбетова Карима Рустемовна, Илесбаева Акниет Базарбайқызы, Жаксыбекова Аяулым Асхаткызы, Қалқаман Ақниет Марғұланқызы қатысып, өздерінің оқуға деген құштарлығын, әдеби кітап оқу арқылы алған білімдерін сынға салды. Бұл байқаудың мақсаты: балалардың кітап оқуға деген құштарлығын қалыптастыру, еліміздің тарихы, географиясы, астрономиясы және мәдени дәстүрлерімен тәрбиелеу. Сонымен қатар, еліне деген мақтаныш сезімін арттырып,  «Рухани жағыру» бағдарламасының идеяларын жас ұрпақ бойына сіңіру. Оқушыларымыз мектеп кітапханасы қорындағы «Сиқырлы жұлдызша» /«Волшебная звездочка»; «Атамекен сиқырлы елінің аңыздары» /«Легенды волшебной страны Атамекен»; ЕжелгіҚазақстан тарихының көңілді оқулығы «Сиқырлықазғыш-таяқша»/«Волшебная палочка-копалочка» веселый учебник истории Древнего Казахстана; «Қазақстан еліне сиқырлы саяхат»/«Волшебное путешествие по стране Казахстан».кітаптардан алған ақпараттарын осы байқау барысында  көрсете білді.

Автор: №5 ОМ