2-6 сыныптардың оқушылары арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, өз құқықтарын жете білуге және құқықтық білімдерін толықтыру мақсатында кездесу ұйымдастырылып өткізілді.

Дата: 2021-10-25 09:39:03
2-6 сыныптардың оқушылары арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, өз құқықтарын жете білуге және құқықтық білімдерін толықтыру мақсатында кездесу ұйымдастырылып  өткізілді.
Кездесуге Балқаш қаласы Ішкі істер бөлімнің полициясы аға лейтенанты, кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекторы Нұрбек Аян Алтайұлы және Абенов Бахтияр Абилович шақырылды.
Аян Алтайұлы қазіргі таңдағы өзекті мәселе болып кеткен жасөспірімдер арасындағы қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекеттердің алдын алу, қала бойынша жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың көбейіп отырғандығы туралы айта отырып, кешкі уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22 - ден таңғы 6 - ға дейін) рұқсат етілмейтіндігі, мектептегі тәртіп ,қоғамдық орындардағы оқушылардың өздерін ұстауы, нашақорлық ,электронды темекіге әуестенбеу және баланың жеке басына түсетін қиындықтар туралы кеңнен айтылып, оқушылардың ойлары да ортаға салынды.
Автор: №5 ОМ