Дала жұлдызы

Дата: 2021-10-25 09:23:57
Дала жұлдызы

Мектеп кітапханасында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Дала жұлдызы» тақырыбында кітап көрмесімен оқушыларды мектеп кітапхана меңгерушісі К.Махашова таныстырды.Дала жұлдызының әңгімелерінен буктрейлер мен буклет көрсетілді. «Оқуға құштар мектеп» аясында өткізіліп отырған шараның  мақсаты:  Оқушыларға қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин туралы, оның еңбегі, шығармашылық мұрасы, ағартушылық қызметі жайында мағлұмат беру. Мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын жетілдіру.
 Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Міне биыл қазақтан шыққан алғашқы педагогтың туғанына 180 жыл толып отыр. Есімі мен еңбегі баршаға қымбатты, халқымыздың ұлы кемеңгер ақыны Ыбырай Алтынсарин.  Ы. Алтынсарин жазба әдебиетке тән проза жанрының негізін қалады. Ол- тұңғыш рет балаларға әңгіме арнап жазған жазушы. Ыбырай әңгімелерінің басты ерекшелігі- жақсы мен жаманды салыстыра отырып әңгімелеу арқылы балалардың санасына ой салу, тәрбиелеу.3 сынып оқушыларыжаттаған  Ыбырайдың өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

Автор: №5 ОМ