«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының «Қат-қабатта » бөлімінің он бетін оқыды.
Дата: 2021-10-18 09:59:55
Бұл тарауда саны жиырма шақты ауыл болатын Ырғызбай руының күзеуден қыстауға ерте көшуімен басталады. Сүйіндік, Жігітек, Бөжей, Құнанбай сияқты кейіпкерлердің төңірегінде өрбіген оқиғалар айтылған. Айтпай Аружан, Жұматай Адамбек өздері оқыған оқиғалардан түсінгендерін ортаға салып, ойларымен бөлісті.
Кітап оқу - оқушылардың ой-өрістерінің кеңеюіне, жан-жақты дамуына, ойлау қабілетін жетілдіруге, шығармалардағы кейіпкерлердің мінез-құлқындағы жағымды тұстарын бойға сіңіруге көмектеседі, жалпы, адамды тәрбиелейді және рухани байытады. Көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттырады.