«Құқықбұзушылықтың алдын алу басты міндет» тақырыбында өткізілген кездесу ақпары
Дата: 2021-10-12 16:01:24
«№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 12 қазан күні сағат 12.30-да 7-11 сыныптардың ер балалары арасында жасөспірімнің өмір ағымында кездесетін қолайсыз жағдайлардың алдын алу және болдырмау, қиын өмір жағдайларындағы құқығын қорғау және сақтау мақсатында «Құқықбұзушылықтың алдын алу басты міндет»тақырыбында кездесу өткізілді.Кездесуге мектеп директоры А.Т.Абдуалиева ,мектеп әкімшілігі және Балқаш қаласы Ішкі істер бөлімнің полиция аға лейтенанты, кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекторы Нұрбек Аян Алтайұлы қатысты. Аян Алтайұлы қала бойынша жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың көбейіп отырғандығы туралы айта отырып, кешкі уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22 - ден таңғы 6 - ға дейін рұқсат етілмейтіндігі , он төртжастан он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 257 - бабының бiрiншi бөлiгiнде көз делген ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық, ата - аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екіден беске дейінгі мөлшерiнде айыппұл төленетіндігі және нашақорлық туралы түсіндіріп өтті.Оқушылар инспекторға және мектеп психологы Ибраева Айгерим Саттыгуловнаға бірнеше сұрақтар қойып тиесілі жауаптарын алды.