«Мектеп оқулығына қамқорлық жасаңыз!» акциясы өтті
Дата: 2021-10-12 12:42:21
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Мектеп оқулығына қамқорлық жасаңыз!» акциясы өтті. Аға тәлімгер және кітапхана меңгерушісінің жетекшілігімен мектеп оқулықтарының жағдайын тексерді.
Кітап дүниеге оңайлықпен келмейді, оған да зор еңбек сіңіріледі. Сол қасиетіне орай оның бағалылығы артады. Жақсы кітап қолдан қолға тиіп, көп ұсталуына қарай кірленіп, тоза бастайды. Кітапты мұндай күйге түсірмес үшін оған аса ұқыптылықпен қарап, дұрыс пайдалану керек. Оқыған сайын кітаптың сыртқы мұқабасын қаптап, парақтағанда саусақты суламай, ептеп ашса, оқып келген жерін қайырмай, арасына қалың нәрсе қоймай, оның орнына кішкентай қағаз салып қойса, кітап көпке дейін сақталады.
Кітапты сызып, ашық жеріне жазу түртіп қою дұрыс емес. Сондай-ақ, тамақтанып, шәй ішіп отырғанда кітап оқымаған жөн. Себебі, кітап парақтарына майлы зат тамып, арасына қоқым түсіп кетуі мүмкін.
Кітап парақтарының не мұқабасының жыртылғанын байқасаңыз, арнайы қағазбен желімдеп қойыңыз. Саусақ немесе қарындаш ізін байқасаңыз, жұмсақ шүберекпен не өшіргішпен сүртіп кетіруге болады.
Кітапты неғұрлым ұқыпты пайдалансаңыз, соғұрлым оның өңі бұзылмай, ұзақ сақталады.Кітапқа арнайы бет белгі салып қойып , оқыған дұрыс.
Енді оқушыларға кітапты қалай түптеуге болатынын түсіндірейік.
Кітапқа қомқор болайық!