Размер шрифта:

2021-2022 оқу жылының құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша қыркүйек айында атқарылған жұмыстардың ақпары

Дата: 2021-10-09 10:56:35
2021-2022 оқу жылының құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша қыркүйек айында атқарылған жұмыстардың ақпары

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу және оны болдырмау мақсатында мектепке бекітілген полиция қызметін үйлестіру жөніндегі бірлескен жоспар келісіліп, мектеп директорымен бекітілген. Құқықбұзушылықпен қылмыстың алдын алу бойынша профилактикалық және құқықтық жұмыстар жүргізу, жоспарға қыркүйек, қазан айында оқушылар арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу, қылмыстың және құқықбұзушылықтың профилактикасы, суицидтің алдын алу, жол қауіпсіздік ережелерін сақтау және тағы басқа тақырыптарда түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жалпы оқушылармен 5 кездесулер, ата-аналармен 4 жиналыс 4 рейдтік іс- шара өткізілді.

Құқық бұзушылықтың алдың алу Кеңес отырысы бойынша қыркүйек айында Кеңестің құрамын бекіту және МІЕ және ІІБ – дегі есептегі оқушыларды есептен шығару бойынша мәселер талқылынып, Кеңес құрамы бекітіліп, есептег оқушы  жоқ екені айтылды. Егер болған жағдайда тіркеудегі оқушыға қазіргі уақытта оқушының есепке алу парағы, оқушының жеке парағы, оқушыны есепке алу хаттамасы, оқушының тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, сол оқушымен атқарылатын жұмыс жоспары, мектеп психологімен, сынып жетекшісімен, ата-анасымен сұхбаттасу жоспары, психологтің жүргізген жұмысының қорытындысы (әр оқушыға) сияқты жеке бақылау қағаздары толтырылады.1-11 сыныптар бойынша сабаққа қатысу көрсеткіштері қанағаттанарлық.

Сонымен қатар, заңдардың баптарымен түсіндіру жұмысытары үнемі  жүргізіліп тұрады. Сондай -ақ, жасөспірімге, бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда, орта білім алудан жалтарғанда, басқа да қоғамға  жат әрекеттер жасаған жағдайларда оның арнайы білім беру мектебіне жіберілуі мүмкін екендігі ескертілді.

    Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі  заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, оқушыларды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу, Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі заңнаманы қалыптастыру және дамыту жұмысы үнемі жүргізіліп отырады.

Рейдтік іс –шаралар бойынша жасөспірімдердің түңгі уақытта ата-аналарының ертіп жүруінсіз, жалғыз жүретін оқушыларды алдын алу бойынша жұмыстар әр сенбі күндері жүргізіліп отырады. Пәтер аралау рейдтік іс –шара кезінде оқушылардың жатын орыны, сабақ оқитын бұрышы, жасөспірімдердің қайда болғаны жайлы тексеріс жүргізілді және ата –аналармен оқушыларға бала құқығы мен ата –ана құқықтары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

         Кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта  ата – анасының қарауынсыз көшеде жүруінің алдын алу бойынша барлық сыныптарда ата – аналар жиналыстары өтіліп, ата – аналарға балдарының сағат 22 00 – ден кейін ата – анасының қарауынсыз көшеде жүруіне тыйым салынғандығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қатаң ескертілді. Түнгі уақытта балдары ата – анасының қарауынсыз көшеде жүріп, ұсталған жағдайда ата – аналарына салынатын айыппұл көлемі айтылды. Ата – аналарынан балдарын түнгі мезгілде көшеде жүргізбеу және сабақтан кейін балдарының жауапкершілігін өз мойнына алатындығы туралы міндеттеме алынды.

      Айына бір рет ұлдар мен қыздарды бөлек жинап, ұлдар және қыздар кеңесі өтілді. Кеңес кезінде ұлдарға және қыздарға құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кеңестер айтылды.

Автор: №5 ОМ