Семинар «Оқуды жоспарлау»

Дата: 2021-10-07 13:01:49
Семинар «Оқуды жоспарлау»

Биылғы оқу жылында мектебімізде ұстаздар қатары толығып, бірнеше жас маман ұжымымызға қосылды. Мектебімізде 14 жас маман жұмыс жасап жатыр.

Қыркүиек айында жас мамндарға методикалық көмек ретінде «Оқуды жоспарлау» тақырыбында семинар болып өтті. Семинарға жас мамандардың тәлімгерлері мен жас мамандар  қатысты. Іс-шараны директордың оқу әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ныгметуллина Ш.К ашып, семинардың мақсатына тоқталып, өз сөзінде оқу үдерісінде оқытуды ұйымдстыру және тәжірибені дамыту бойынша бірнеше өте маңызды кеңестер ұсынып, жас маманға көмек көрсету, жаңа идеялар ойлау және тәжірибе алмасуға тоқталып өтті. Сонымен бірге семинардың негізгі тақырыбы «Оқуды жоспарлау» бойынша келесі ақпараттармен  таныстырып өтті:

Жаңаша білім беру бағдарламасы маңызды үш құжаттан тұрады: бағдарлама, ұзақ мерзімді жоспар, орта және қысқа мерзімді жоспар. Осы күнге дейінгі біздің жасап келе жатқан «Күнтізбелік — тақырыптық» жоспарымыз – ұзақ мерзімді жоспар негізгі оқу мазмұнын қамтитынын. Оқу мақсаттары алдымен сабақ мақсаттарына  айналдыратынын  негізінен оқу мақсаттары өзгерілмейтінін,  оларды тек  ықшамдауға немесе түсіндіруге болатыны туралы мағұлмат бере отырып, бағалау критерийлері мен дискрипторлардың жасалу жолдары туралы ақпар берілді. Семинар соңында жас мамандар тәлімгерлерімен бірлесе отырып,  сабақ жоспарын құрып, бағалау критерийлерімен дискрипторлар арқылы бірнеше деңгейі тапсырмалар құрды.Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, өз көзқарастарын білдіріп, тәжірибелі ұстаздардан үйренетіндерінің көп екенін, өткізіліп отырған семинардың берері мол екенін атап өтті.

Автор: №5 ОМ