"Өмірін өрген өлеңмен" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдасырыл
Дата: 2021-10-07 12:57:56
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында дауылпаз ақынға арнап мектеп кітапханасында «Өмірін өрген өлеңмен» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдасырылып, өмірі мен шығармашылығына арналған буклет жасап, кітапхана меңгерушісі К.Махашова оқушыларға таныстырды.
Мақсаты: оқушыларды ақын шығармашылығымен, өмірбаянымен , азаматтық тұлғасымен таныстыру; поэзияны сүюге, ақын өлеңдерін сүйіп оқуға , оның құдіретін сезінуге тәрбиелеу. Оқушылардың өлең көркем сөз оқу, ән айту қабілеттерін дамыту, шығармашылық қабілетін ояту.
«Өртке тиген дауылдай» өршіл өлеңдерімен қазақ поэзиясына жаңа леп, ерекше серпін ала келген дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың туғанына биыл 110 жыл толды .
Халықтың рухани бай әдеби мұрасынан күш-қуат алған Қасым қазақ әдебиетіне, қазақ поэзиясына шалқар шабытпен, қаламдас достарының ішінен ерекше өз үнімен оқшау келген дара тұлға.