Оқуға құштар мектеп

Дата: 2021-09-28 15:51:03
Оқуға құштар мектеп
2021 жылдың, 25 қыркүйегінде Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің сынып оқушылары «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 10 сынып оқушылары М.Мақатаевтың,Абай Құнанбаевтың өлеңдерін оқып талқылады. 9 сынып оқушылары М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының «Қайтқанда» бөлімін оқып, 9 «Ә»сыныбы М.Мағауиннің «Шақан-шері» романын, 6 Ә, Б сыныптарының оқушылары Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат» повестерін, 6 А сыныбы М.Әуезовтың «Қорғансыздың күні», «Жетім» әңгімелерін , Қазақ халық ертегілері, 5 А сыныбы С.Мұратбековтың «Жабайы алма» повесін, 7 сыныптар М.Мағауиннің «Тазының өлімі» хикаятын, 8 сыныптар Қорқыт ата туралы аңыз, С.Елубаевтың «Ақ боз үй» роман-трилогиясын оқуды жалғастыруда.
Шығармаларды оқу барысында шығарма желісінің кейіпкерлері мен оқиғалар төңірегінде пікір алмасып, сұрақтар қойылды.
Автор: №5 ОМ