3 «Ә», 3 «Б» сыныптарында оқу сағаты өтті
Дата: 2021-09-28 15:49:45
«Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 ЖББ мектебінің «Оқуға құштармын» жобасы аясында оқушылардың арасында кітап оқуды насихаттап,қазақ тіліндегі туындыларға қызығушылықты арттыру мақсатында 3 «Ә», 3 «Б» сыныптарында оқу сағаты өтті. Оқу сағатында оқушылар Ы.Алтынсариннің «Бақыт құсы» атты ертегісімен танысты..Ертегідегі кейіпкерлерді атап,берілген сұрақтарға жауап берді.Оқушылар ертегіні рөлге бөліп оқыды.