Размер шрифта:

«Кітапты бірге оқимыз!»

Дата: 2021-09-20 09:12:42
«Кітапты бірге  оқимыз!»

2021 жылдың,  18 қыркүйегінде Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің сынып оқушылары «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының «Қайтқанда» бөлімін  9 «А»  оқыды. Берілген жиырма минут ішінде, Қымран Фариза, Мұрат Сұлтан, Нұрсеитова Нұрай  7-8 беттен оқыса, қалған оқушылар  5-6 беттен оқыды. 9 «Ә»сыныбы М.Мағауиннің «Шақан-шері» романын, 6 Ә,Б сыныптарының оқушылары  Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»повесін оқыса, 6 А сыныбы М.Әуезовтың  «Қорғансыздың күні» әңгімелерін , 5 А сыныбы С.Мұратбековтың  «Жабайы алма» повесін , 7 сыныптар М.Мағауиннің «Тазының өлімі»хикаятын, 8 сыныптар С,Елубаевтың «Ақ боз үй» роман-трилогиясын оқуды жалғастыруда. Осы оқуып жатқан шығармалары жайлы өз ойларымен бөлісті.

     Шығарманың мазмұнын толық түсінгендерін тексеру мақсатында, кейбір тұстарын нақтылап, оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін оқушылар бір- біріне сұрақтар қойып, қойған сұрақтарына жауап берді.

Бастауыш буындар оқу сағатында  қызықты ертегілер оқып , оқығандары туралы сұрақтарға жауап берді.Оқушылар өздерінің оқыған  «Күн,Ай және әтеш», «Үйшік» , «Қисық үйрек» , «Күл қыз» , «Жүзім жегісі келген қасқыр» ертегілерімен ой бөлісті.

 «Оқуға құштар мектеп» жобасының  үлесі маңызды болмақ.  Кітап оқу - білім мен рухани құндылықтарды беру мен меңгерудің бір түрі ретінде, тұлғаны тәрбиелеу және білім беру адамның қоғамда табысты болуына және бәсекеге қабілеттілігінің жалпы деңгейіне әсер ететіні айқын.Адамзат ақыл-ойының жиынтығы- кітапта болса, білім – соны сақтайтын қазыналы сандық . Сол сандықтағы байлықты қалай алуға болады? Мектеп кітапханасы көркем әдебиеттермен толығуда.Заманауи электронды көркем әдебиеттермен де оқуға болады. Кітап әлеміне баланы қалай енгізуге болады?  Әрине , бұл «Оқуға құштар мектеп» жобасы арқылы жүзеге асады , деп ойлаймын

Автор: №5 ОМ