Сырлы тіл, жырлы тіл,нұрлы тіл
Дата: 2021-09-14 17:19:40
Мектеп кітапханасында 14 қыркүйекте «Сырлы тіл, жырлы тіл,нұрлы тіл» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырылды.
Мақсаты :оқушыларға ана тілін білудің маңызын түсіндіру, ана тілі туралы жазылған ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Жас ұрпақты ана тілінің қадір - қасиетін түсіне білуге шақыру. Олардың халқына деген, тіліне деген махаббатын арттыру.
Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны.