«Танымның бар тамшысы - кітапта»
“Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Алтын уақытымызды пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн”
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды. 20 минуттық кітап оқу жобасын жандандыру мақсатында әр сенбі сайын жалпы кітап оқуды жандандыру жұмыстары өз жалғасын тауып келеді
Жобаның мақсаты : оқырманның көркем шығарма оқуға қызығушылығын арттыра отырып , эстетикалық дүнинтанымын кеңейту, сөздік қорын байыту, ақын-жазушылардың шығармаларын құрметтеп, рухын қастерлеуге , ана тілін ардақтауға тәрбиелеу. Әдеби тілді сауатты еркін меңгеруге қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның мәдениетін дамыту. Дарынды балаларды анықтай отырып қолдау көрсету.
Осы орайда біздің №5 мектеп кітапханасында көркем әдебиеттер мен заманауи ағымдағы көркем әдебиеттердің саны жыл сайын артып келеді. Кітап оқитын белсенді мұғалімдер мен оқушылардың қатары өсіп келеді. Расында кітап оқу - рухани кемелденудің көзі деуге болады. Кітап оқудан қол үзбей, кітап оқитын білімді шәкірттер көбейе берсін!
Президент ұсынған 30 кітап:
1. Абай Құнанбайұлының өлеңдері, қара сөздері,
2. Әбу Насыр Әл-Фарабидің философиялық тарактаттары,
3. Мұхтар Әуезов “Абай жолы”,
4. Әбіш Кекілбаев. “Үркер” және т.б шығармалары,
5. Ілияс Есенберлиннің шығармалары,
6. Оралхан Бөкей “Ұйқым келмейді”,
7. Әбді-Жәміл Нұрпейісовтың шығармалары,
8. Қабдеш Жұмаділов “Дарабоз”, “Тағдыр”,
9. Мұхтар Мағауин “Аласапыран”,
10. Дулат Исабеков “Қарғын”,
11. Ілияс Жансүгіров өлеңдері,
12. Әкім Тарази шығармалары,
13. Роза Мұқанованың пьесалары,
14. Смағұл Елубай. “Ақбоз үй” және тағы басқа шығармалары,
15. Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері,
Әлемдік әдебиет:
16. Федор Достоевскийдің шығармалары,
17. Лев Толстойдың шығармалары,
18. Антон Чеховтың әңгімелері, повестері, пьесалары,
19.Иван Буниннің шығармалары,
20. Эрих Мария Ремарктың “На западном фронте без перемен”, “Осень патриарха” туындылары,
Публицистика, ғылыми-танымдық әдебиет:
21. Никколо Макиавелли. “Государь”,
22. Алексис де Токвиль. “Демократия в Америке”,
23. Жан Монне.”Реальность и политика”,
24. Ли Куан Ю“Из третьего мира–в первый.История Сингапура (1965-2000)”,
25. Наом Хомский. “Создавая будущее”,
26. Мэтью Барроуз “Будущее:Рессекречено. Каким будет мир в 2030 году”,
Сонымен қатар, “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында аударылған шығармалар:
27. Энтони Кенни. “Батыс философиясының жаңа тарихы”,
28. Клаус Шваб.”Төртінші индустриялық революция”,
29. Джон Гэмбл, Маргарет Питереф, Артур Томпсон. “Стратегиялық менеджмент негіздері: бәсекелік артықшылыққа ұмтылу”,
30. Росс Данн, Лора Митчелл. “Panorama: Дүние жүзі тарихы”.