Хабарландыру

Дата: 2021-08-20 16:41:23

Қарағанды облысы Білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ  ҚР Еңбек Кодексінің 139 бабына сәйкес төмендегі бос лауазымдарға педагогтарды қабылдау үшін конкурс жариялайды. 

 

Лауазым атауы

Бос орын саны

Бос сағаттар саны

мерзімі

1

Директордың оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары 

1

1 жүктеме

Тұрақты жұмысқа

2

Педагог-психолог

1

 1 жүктеме

Тұрақты жұмысқа

3

Биология пәнінің мұғалімі

1

16 сағ

Тұрақты жұмысқа

4

Бастауыш сынып мұғалімі

3

48 сағ

Тұрақты жұмысқа

5

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

1

16 сағат

Тұрақты жұмысқа

6

Технология пәнінің мұғалімі

4

1 жүктеме

Тұрақты жұмысқа

Лауазымдық міндеттері:

1. Директордың оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары:Оқушыларды бейінді оқыту жүйесін іске асыру жоспарын әзірлейді. Бейінді оқытуды қолданбалы және элективті курстардың бағдарламаларын әдістемелік-бағдарламалық қолдауды қамтамасыз етеді. Жоғары (бейінді) сыныптарды жинақтау үшін объективті негіз ретінде негізгі мектепті бітірушінің қорытынды білім беру рейтингін жасайды. Бейінді оқыту, әртүрлі деңгейлі бағдарламарды енгізу бойынша білім беру ұйымдарының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады. Педагогтердің кәсіби шеберлігін және біліктілігін арттыру мақсатында педагогикалық ұжымның қызметін алдыңғы қатарлы педагогикалық озық іс-тәжірибені тарату бойынша, оқушыларды диагностикалау жүйесін, бейінді оқыту шеңберінде оқушылар мен ата-аналарға кеңес беру мазмұнын әзірлеуде, педагогтердің әдістемелік бірлестігінің жұмысын ұйымдастыруға инновациялық технологияларды ұйымдастыру және сынау бойынша үйлестіреді.Түрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын таңдау мүмкіндігін, "мектеп-жоо", "мектеп-колледж-жоо", "колледж-жоо" үздіксіз білім беру жүйесіндегі оқу жоспарлары бойынша оқытуды, ғылымды зерделеуге кәсіби қабілеттілікті ашуды, әрі қарай білім алу бейінін таңдау мақсатында пәндерді терең меңгеру үшін түрлі циклдерді өзіндік таңдауды қамтамасыз етеді. Жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен бірігіп, кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізеді.

 

2.Педагог-психолог:Лауазымдық міндеттері: оқушылардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын сақтауға бағытталған қызметті жүзеге асырады. Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі Конвенцияға сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке басын дамытуға кедергі келтіретін факторларды анықтайды және әртүрлі психологиялық көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды (психокоррекциялық, оңалту және консультативтік).  Білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға нақты психологиялық мәселелерді шешуде көмек көрсетеді. Әр түрлі бейіндегі және арналуындағы психологиялық диагностика жүргізеді. Оқытушылар ұжымын, сондай-ақ оқушылардың ата-аналарын немесе оларды алмастыратын тұлғалардың білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке және әлеуметтік даму мәселелерінде бағдарлау мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық қорытынды жасайды. Белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді. Инклюзивті білім беру қағидасын дамытады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында киберкультура мен кибергигиенаны дамытады. Оқушылардың жеке және гендерлік ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда бағдарлауға және кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелерінде дайындығын дамытуға ықпал етеді. Дарынды білім алушыларды, тәрбиеленушілерді, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың дамуына жәрдемдеседі. Оқушылардың даму дәрежесін анықтайды, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік дамуының бұзылуына диагностика жасайды, оларға психологиялық-педагогикалық түзету жүргізеді. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлердің және оқушылардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ата-аналарының психологиялық мәдениетін қалыптастырады. Білім беру ұйымының қызметкерлеріне білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтердің, оқушылардың ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін арттыруға бағытталған психологияны практикалық қолдану мәселелері бойынша кеңес береді. Педагогикалық, әдістемелік кеңестердің, ата-аналар жиналыстарының, педагогикалық консилиум, сауықтыру, тәрбие және басқа да іс-шаралардың жұмысына қатысады. Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады. Буллинг, суицидтің алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Білім беру процесі кезінде оқушылардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.  Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды. Білім беру ұйымдарында барлық білім беру процессіне субъектілердің қатысуымен "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын енгізеді, оның ішінде отбасылар балалар.Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

 

3.Пән мұғалімдері:

            Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады, білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді.

      Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады.

      Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның суммативті бағалауға арналған тапсырмаларды жасайды.

      Электронды журналдарды толтырады.

      Жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген оқушылар мен деңгейден төмен емес тәрбиеленушілердің пәндік нәтижелерін, отбасылық-қызметтік, тұлғалық жетістіктерін қамтамасыз етеді.

      Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді.

      Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады.

      Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді.

      Арнайы (түзету) білім беру мекемелерінде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамуында ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.

      Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады.

      Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.

      Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.

      Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.

      Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын орындайды.

      Білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.

      Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады.

      Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

      Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс.

      Және (немесе) бар болған жағдайда біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогикалық жұмыс өтілі үшін педагог-шебер – 5 жыл.

      Педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл.

 Біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог" (санаты жоқ):

      оқу пәнінің, оқу-тәрбие процесінің, оқыту және бағалау әдістемесінің мазмұнын біледі;

      білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлайды және ұйымдастырады,

      білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді,

      білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысады, білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асырады

      2) "педагог-модератор":

      "педагог" санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:

      оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдаланады, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтайды, білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылар болады;

      3) "педагог-сарапшы":

      "педагог-модератор" санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:

      ұйымдастырылған оқу қызметтерін талдау дағдыларын меңгерген,

      конструктивті және тәлімгерлікті іске асырады, білім беру ұйымдары деңгейінде жекелей немеесе ұжым болып кәсіби дамыту басымдықтарын анықтайды:

      қала/өңір деңгейінде тәжірибені жинақтайды, білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылар болады;

      4) "педагог-зерттеуші":

      "педагог-сарапшы" санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:

      сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгерген,

      білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,

      білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,

      педагогикалық қоғамдастықта аудан, қала деңгейінде тәлімгерлікті жүзеге асырады және даму стратегиясын конструктивті анықтайды,

      облыс/республикалық маңызы бар және астаналық қалалары, Республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

      облыс/ республикалық маңызы бар және астаналық қалалары, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

      5) "педагог-шебер":

      "педагог-шебер" санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:

      авторлық бағдарламалары бар болуы және республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған, авторлық бағдарламасы немесе оқулықтарға, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең автор) бола алуы;

      ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,

      жетекшілік етуді іске асырады және облыс деңгейінде кәсіби бірлестіктердің желісіндамытуды жоспарлайды,

      республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болып табылуы немесе немесе облыстық білім беру органдарының уәкілмен бекітілген республикалық және халықаралық конкурстарға қатысушыларды даярлауы тиіс.

 

Еңбек ақы мөлшерібілім деңгейіне, еңбек өтіліне, біліктілік санатына байланысты төленеді.

 

Конкурсқа қатысу үшін:

            Конкурстық комиссияның қарауына  құжаттар пошта бойынша, қолма-қол Балқаш қаласы, Желтоқсан көшесі 17 ғимарат мекенжайы бойынша,  және school5@list.ru электрондық мекенжай бойынша қабылданады.

Анықтама үшін телефон: 4-62-77.

            Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылады, 2021 жылдың 20 -25 тамыз аралығында қабылдау бөлмесінде  қабылданады.

Автор: СШ №5