Размер шрифта:

«Балқаш қаласы білім бөлімінің №5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 14.05.2021 күні педагогикалық кеңес өткізілді.

Дата: 2021-05-15 11:26:00
«Балқаш  қаласы   білім  бөлімінің №5 жалпы  білім  беретін   мектебі»КММ-де  14.05.2021 күні  педагогикалық  кеңес  өткізілді.
Педагогикалық  кеңестің  күн  тәртібінде:
1.Қорытынды аттестаттау туралы 9, 11 сыныптарды
2.Оқушыларды ҚА -дан босату туралы
3.Педагогтерге кезекті біліктілік санаттарын беру тәртібі,мерзімінен бұрын атестаттауға жіберілу  шарттары  туралы
4. 2021-2022 оқу  жылында мектеп формасына қойылатын талаптар туралы
5. Жазғы мектеп, лагерь жұмысы туралы
6. Мұғалімдердің  еңбек демалысы туралы
7.Әр-түрлі сүрақтар
Күн тәртібіндегі  барлық  мәселелер  бойынша  жұмыстар толығымен    жүргізілді.
2021-2022 оқу  жылында мектеп формасына қойылатын талаптар туралы  ерекше  айтылды.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарына» негізделген:
- Ер балаларға мектеп формасы:қара немесе қара көк түсті пиджак, жилет, шалбар, классикалық жейде, мерекелік ақ түсті көйлек, күнделікті киетін ақ түсті көйлек (қысқы кезеңде: трикотаж жилет, ақ түсті водолазка бас киімсіз) Ер балаларға арналған шалбардың ұзындығы тобықты жауып кең пішіледі. Ұл балдардың шаштары қысқа үлгіде қысқартылған.
- Қыз балаларға мектеп формасы: ақ түсті блузка,қара немесе қара көк түсті пиджак, жилет, классикалық белдемше, классикалық үлгідегі жейде ( қысқы кезеңде: трикотаж жилет, сарафан, водолазка) қыздарға арналған белдемше офистік стильде, тізеден келетін, 60 см) бас киімсіз. Қыз балаларға арналған шалбардың ұзындығы тобықты жауап кең пішіледі.Қыздардың шаштары қыстырғышпен жиналған.
- Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды, соның ішінде бас киімге қатысты діни атрибуттарды (крест, хиджаб, никаб, паранжа, чадра, ермолка, орамал, тюрбан, иудей-кипа бас киімдері, бурка және т.б.) киюге болмайтындығы  туралы  айта  отырып, сыныптарда  өткізілетін  ата-аналар  жиналыстарында  ата-аналарға  толық мағұлмат  беруі туралы  тапсырылды.
Автор: №5 ОМ