Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет

Дата: 2021-04-13 14:20:38
Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет

Құқық бұзушылықтың  алдын алу - басты міндет.  Осыған орай мектебімізде  2021 жылдың 12 сәуір  күні  7-11 сыныптар аралығында, жасөспірімдерге қоғамдағы келеңсіз жайттардан сақтану,  Азаматтық Кодекс туралы түсінік қалыптастыру, ішкі тәртіп талаптарын орындау мәселелері шеңберінде ZOOM платформасында кездесу  сағаты өтті. Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі- балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Аталмыш кездесуде  жасөспірімдерге қоғамда, сектепте тағы сол сияқты басқа да жерлерде өздерін қалай ұстау керектігі жөнінде сөз болды. «Ел болам десең ,бесігіңді түзе» дегендей дана халқымыз жеке тұлға болып қалыптасуда әрбір жасөспірімдер тәртібі мен тәрбиесіне мән беріп, бос уақытын тиімді пайдалана білсе, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуына көп септігін тигізері сөзсіз.

Автор: №5 ОМ