Жамбыл Жабаев және оның мұралары

Дата: 2021-02-23 15:01:24
Жамбыл Жабаев және оның мұралары

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің  «№5 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  23 ақпанда  Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерей тойына арналған мектеп кітапхана меңгерушісі К.Махашова «Жамбыл Жабаев және оның мұралары» тақырыбында кітап бұрышы мен қабырға газетін ұйымдастырып, 5 сынып оқушылары Жамбыл аталарының жырларын оқыды. Мақсаты : аты аңызға айналған халық ақыны,жыраулық өнерінің шебері, ақын шығармашылығын дәріптеп, жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу.

Жамбыл Жабаев – ұлы ақынжыраужыршы. Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен қатар халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болады. Халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды.

Автор: №5 ОМ