Заң бәрімізге ортақ
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 11 қаңтар күні оқушыларды құқықтық білімдерін жетілдіре отырып, заңды құрметтеуге, кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, әдептілікке, сыпайылыққа баулу, көпшілік орындарда өзін-өзі ұстай білуге дағдыландыру мақсатында Балқаш қалалық ішкі істер бөлімі ЮПТ инспекторлары Секебаев Жасулан Бахытұлы, және Жукин Ерсін Мәдиұлы қатысуымен "Балаларға құқықтық көмек"тақырыбында дәріс ұйымдастырылып, оқушылардың өз құқығын білу, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы білімдерін шыңдауға және құқық бұзушылықтан аулақ болуға шақырды және қаламыздағы құқық бұзушылықтың көптеп кездесетіндігі туралы айта келе сабақтан тыс уақытта аулада,қоғамдық орындарда тәртіп сақатау керектігі туралы ерекше айтып өтті.