Педагогикалық кеңес

Дата: 2021-02-09 12:33:12
Педагогикалық кеңес

5 ақпан күні қалалақ білім бөлімінің басшысы және әдіскерлерінің қатысуымен педагогикалық кеңес өткізілді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С.А.Жакупбековакүн тәртібіндегі мәселе, яғни 2020-2021 оқу жылының І жарты жылдығы бойынша білім сапасы және директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары У.М. Орынтаева 11 сынып оқушыларының ҰБТ нәтижелеріне егжей-тегжейлі талдау жасап өтті. Өткен оқу жылы мен биылғы оқу жылының І жарты жылдық білім сапаларына салыстырмалы түрде талдау жасай отырып, білім сапасының өсу және кему динамикаларына тоқталды. Білім сапасы төмен көрсеткіші бар сыныптарға жекелей тоқталып, оның себептеріне, сондай-ақ, білім сапасын арттыру, туындаған мәселені шешу жолдарын атап көрсетті. Ұлттық бірыңғай тест - бiлiм сапасының басты көрсеткiшi болғандықтан педагогикалық кеңесте 11 сынып оқушыларының ҰБТ-ге дайындық нәтижелері, мектепішілік жоспарға сай алынған әрбір аралық тест қорытындылары да әр пән бойынша талданып, сараптама жасалды. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге байланысты екені баршамызға белгілі. Олай болса әрбір ұстаз үнемі өзінің кәсіби шеберлігін арттырып, білімін жетілдіріп отыру қажет.

Педагогикалық кеңестің шешімі:

1. Білім сапасын арттыру мақсатында мектепішілік бақылау күшейтілсін.

2. Төмен сапа көрсеткен 6,7,9сыныптарын мектепішілік бақылауғаматематика, орыс тілі пәндерінен жұмыстарұйымдастырылсын.

3. 11 сынып оқушыларының ҰБТ пәндері бойынша білім сапасын арттыру мақсатында жоспарға сай іс-шаралар мен қосымша сабақтардың сапалы өткізілуі әр пән мұғаліміне жүктелсін, қадағалау У.М. Орынтаева жүктелсін.

Автор: №5 ОМ