Мұқағали жыры
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «5 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 08.02.2021 жылы кітапхана меңгерушісі К.Махашова «Мұқағали жыры» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырып,оқушыларды кітап көрмесімен таныстырды. Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіруге, рухани танымын кеңейтуге ықпал ету.
М.Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең, ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі т.б. тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген.