Ауылда өткен бір апта
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» бағыты бойынша өткізіліп жатқан «Бір апта ауылда» атты қала балаларына арналған жоба аясында ауылдың күнделікті тұрмыс-тіршілігін бақылау, ұлттық рухани құндылықтарды үйрену, ата-анаға қол-ұшын тигізу, көмек көрсету мақсатында «Бір апта ауылда» жобасы бойынша жұмыстар жүргізілді. Осы орайда мектебіміздің 8 А сынып оқушысыНұрсеитова Нұрай қысқы демалысын Қарағанды облысы , Ақтоғай ауданы, Ортадересін ауылдық округі құрамына кіретін Ақжайдақ ауылында өткізді.
Нұрай осы демалыс уақытында ауылдың күнделікті жүргізілетін тыныс тіршілігімен танысып, ата-анасына көмектесіп қайтты.Нұрайбарлық байлық ауылдан шығатынына және сол үшін ауылдың қадір-қасиетін түсіну керектігін өз сыныптастарына ерекше тебіреніспен жеткізді.